Байқоңыр қаласында бас дәрігер мемлекет қаржысын жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңыр қаласында бас дәрігер мемлекет қаржысын жымқырған

03.12.2021

Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері мемлекет қаржысын жымқырған. Прокурорлар емдеу мекемесіне жүргізген тексеру барысында лауазымды тұлғаның 2 миллион 500 мың теңгені заңсыз иемденгенін анықтады.

Қазір ғарыш кешеніне қарасты Ресей Федерациясының құқық қорғау органы қылмыстық іс қозғады. Күдікті қызметтік лауазымын пайдаланып, өзіне заңсыз сыйақы тағайындап келген. Бас дәрігер қызметінен босатылды. Тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу