Басты Жаңалықтар 8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі

8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі

Бүгіннен бастап Египетке баратын рейстерге шектеу қойылмақ. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді? 

 Раушан Сайлауқызы, тілші:
Күн тәртібінде COVID-19-ға қарсы күресу, «омикрон» жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және олардың карантинде болуы мәселелері қаралды. 8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі. Бүгіннен бастап Египетке баратын рейстер тоқтатылады. Ал билет алып қойған жолаушылардың жолақысы түгелімен қайтарылады. Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Десе де халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарында төмендеп кеткен. Сондықтан бұл өңірлерде вакциналау шараларын күшейту керек. Ал Pfizer екпесі бойынша мәліметтерге тоқталсақ, жалпы екпе алғандар саны 108 мың адам, оның 86 мыңы жасөспірім, 6800-і жүкті әйел, 15 мыңнан астамы бала емізетін аналар. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, қазір Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. «Сары» тізімде Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта. 

 Раушан Сайлауқызы

Бөлісу