Қарағандыда көктайғаққа байланысты 1-11 сыныпқа дейін сабақ болмайды. Соңғы екі күнде өңірде ауа температурасы төмендеп жер көктайғаққа айналған. Көшеде жаяу жүру тіптен қиындап кеткен соң оқушыларды онлайн оқытуға мәжбүр болды. Синоптиктер ертең де күн осындай қолайсыз болады дейді.