Елордада полиция қызметкері жүк көлігінің кабинасына секіріп мініп, мас жүргізушіні тоқтатпақ болған. Бірақ жүргізуші қарсылық білдіріп, полиция қызметкерін жолдың бойына лақтырып жіберген. Қазір қызметкердің жағдайы ауыр. Дәрігерлер жанын аман алып қалу үшін күресіп жатыр.
29 жастағы полиция капитаны Архат Ракишев бұл әрекетке жүргізуші мен өзге де қала тұрғындарын оқыс жағдайдан сақтау үшін барған. Ал жүк көлігінің тізгіншісінің үстінен іс қозғалып, тексеріс басталды.