Келер жылы мұнай 60 долларға дейін арзандауы мүмкін. Халықаралық инвестициялық компаниялар осындай болжам жасап отыр.
Бұған қара алтынға сұраныстың азаюы себеп болмақ. Қазірдің өзінде нарықта сұраныстан гөрі ұсыныс көбірек. Содан баға қарашада 20 пайызға дейін арзандаған еді. Қазір бренттің бағасы 70 доллар. Десе де нарық ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің келессөзін күтіп отыр. Мұнай өндіруші елдер өндірісті азайту туралы шешім қабылдап жатса, қара алтын құнының құлдырауына жоб бермеуге болады дейді кейбір сарапшы.
Нарықтағы жағдай теңгеге кері әсер етіп жатыр. Бүгін ұлттық валютамыз долларға шаққанда 436 теңгеге дейін арзандады. Ал еуро 493, рубль - 5 теңге 90 тиын.
Досжан Маратұлы