Елімізде картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды

02.12.2021

Елімізде мал және картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды.

Ірі қара мен ұсақ мал үшін шектеу жарты жылға ал, көкөністер үшін үш айға жалғасады. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы арқылы бағаны тұрақтандырып, ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алмақ. Өйткені сиыр еті қымбаттап барады, Баға жыл басынан бері 15, ал қой етінің құны 21 пайызға өскен. Сәбіз бен картоп та елімізде жеткілікті. Десе де көрші елдерде өнім аз. Сондықтан оны елімізден сатып аламын деушілер көп. Десе де мұның арты жетіспеушілікке және бағаның өсуіне әкелуі мүмкін. Сол үшін экспортқа тыйым салынып отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу