Еліміздегі барлық полиция бөлімшелеріне бейнекамера орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі барлық полиция бөлімшелеріне бейнекамера орнатылды

02.12.2021

Еліміздегі барлық полиция бөлімшелеріне бейнекамера орнатылды. Бейнебақылау жүйесімен тергеуші, анықтаушы және азаматтармен жұмыс істейтін қызметкерлердің кеңсесі жабдықталды. Басты мақсат - құқық қорғау органдарының жұмысын халыққа ашық көрсету. Бұған дейін Ішкі істер вице -министрі 1-ші желтоқсанға дейін полиция бөлімшелеріне барлығы 16 мыңнан астам бейнекамера қойылатынын хабарлаған.

Сондай-ақ, кешеден бастап жолға жазғы доңғалағы бар көлікпен шығуға тиым салынады. Себебі заң бойынша, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлікте қысқы шина болу керек. Жазғы доңғалақпен жүргендерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 14 585 теңге айыппұл салынады. 2022 жылдан бастап айыппұл 15 315 теңге болады.

Әрі желтоқсанның бірінен бастап ескі көліктерді қабылдау тоқтады. Себебі биылға бөлінген квота бітті. Жыл басынан бері қазақстандықтар жоюға 50 мыңнан астам көлікті тапсырған.
 
Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу