Еліміздегі барлық полиция бөлімшелеріне бейнекамера орнатылды. Бейнебақылау жүйесімен тергеуші, анықтаушы және азаматтармен жұмыс істейтін қызметкерлердің кеңсесі жабдықталды. Басты мақсат - құқық қорғау органдарының жұмысын халыққа ашық көрсету. Бұған дейін Ішкі істер вице-министрі 1 желтоқсанға дейін полиция бөлімшелеріне барлығы 16 мыңнан астам бейнекамера қойылатынын хабарлаған.
Жазғы доңғалақ үшін айыппұл салынады
Сондай-ақ желтоқсан айынан бастап жолға жазғы доңғалағы бар көлікпен шығуға тыйым салынады. Себебі заң бойынша 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көлікте қысқы шина болу керек. Жазғы доңғалақпен жүргендерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 14 585 теңге айыппұл салынады. 2022 жылдан бастап айыппұл 15 315 теңге болады.
Ескі көліктерді қабылдау уақытша тоқтатылды
Әрі желтоқсанның 1-нен бастап ескі көліктерді қабылдау тоқтады. Себебі биылға бөлінген квота бітті. Жыл басынан бері қазақстандықтар жоюға 50 мыңнан астам көлікті тапсырған.