Бірнеше өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

02.12.2021

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады. Елордада бүгін түстен кейін көктайғақ басталып, секундына 18 метр жел соғады.

Ал Қостанай мен Қарағанды өңірінде көктайғақтан бөлек, тұман мен бұрқасын күтілуде. Батыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Мамандар жол жүргенде сақ болуды ескертеді.


Хабарламаларға жазылу