Теріскейде тұрғын үй кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде тұрғын үй кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкере болды

02.12.2021

Теріскейде тұрғын үй кооперативінің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкере болды. Заңсыз ұйым әлеуметтік желілер арқылы «Шаңырақ плюс» атты бағдарламаны жарнамалап, көпшілікке баспана алудың оңай жолын ұсынған. Салымшылар бағдарламаға қатысу үшін 103 АҚШ долларын төлеп, ұйымға басқа адамдарды шақыруға міндеттелген. Күдіктілерді ұстау барысында Петропавлдағы кеңседен түрлі жарнамалық материалдар, салымшылардың тізімі, олар жайында ақпарат жазылған қағаздар табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Виктория Алпеева, СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:

Қаржы пирамидасының өкілдері жапа шегушілерді табыс деңгейіне қарамастан ипотекалық несие берілетініне сендірген. Келісімге сәйкес салымшылар белгіленген шарттарды орындауға міндеттелген. Солардың бірі - басқа адамдарды шақыру. Бұл - пирамиданың негізгі белгілерінің бірі. Заңсыз ұйым еліміздің бірнеше қаласында жұмыс істеп келген.


Хабарламаларға жазылу