Алматы облысында тұрғын үй өртеніп, 34 адам баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында тұрғын үй өртеніп, 34 адам баспанасыз қалды

02.12.2021

Алматы облысында тұрғын үй өртеніп, 34 адам баспанасыз қалды. Оқыс оқиға Төңкеріс ауылындағы 1 қабатты 8 пәтерлі үйде болды. 6 пәтер түгел жанып кетіп, тағы екеуінің шатырын жалын шарпыған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар үйлерінен шығып үлгерген. Өрттің себебі анықталуда.

Салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

Ал Ақтауда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға кеше түсте болды. 38-шағын ауданда орналасқан «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің қасбеті жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.


Хабарламаларға жазылу