Елорданың «Жастар» театрында «Қылкөпір»атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың «Жастар» театрында «Қылкөпір»атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

30.11.2021

Елорданың «Жастар» театрында бүгін «Қылкөпір» атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтіп жатыр. Әріптесім Ақниет Балтанова қойылымды тамашалауға барған еді. Қазір тікелей эфирге шығуға дайын екен. - Ақниет, жаңа қойылымның ерекшелігі қандай?

 Ақниет Балтанова, тілші:
«Қылкөпір» атты жаңа туынды ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Қарақазан ғасыр» драмалық дастанының ықшамдалған сахналық нұсқасы. Драмалық дастанның идеялық-компози¬циялық желісін басты кейіпкерлер Ана мен Ұлының диалогтары-монологтары құрайды. Туындының басталуынан аяғына дейін өрілген сол диалогтар-монологтар аясында уақыт пен кеңістіктегі халық тарихының трагедиялық кезең шындығы, адамдардың мінез-құлық психологиясындағы адалдық пен арамдық, ерлік пен ездік, мәрттік пен екіжүзділік, т.б. қайшылықтар қақтығыстары жырланады. «Қылкөпір» қойылымының қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.
Бүгін ғана премьерасы өткен туындыны өзге көрермендер алдағы уақытта да тамашалай алады. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу