1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін туристік операторлар Египетке саяхат ұйымдастырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін туристік операторлар Египетке саяхат ұйымдастырмайды

30.11.2021

1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін туристік операторлар Египетке саяхат ұйымдастырмайды. Бұл туралы Туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей мәлімдеді. Айтуынша, Египетке 20 мың тур ұйымдастырылған. Саяхатты алдын ала жоспарлап, төлем жасап қойған азаматтар бағытын басқа елге өзгерте алады. Немесе құйған қаражатты үш айға дейін айыппұлсыз қайтарып алуға болады. Сонымен бірге келесі жылдың наурыз айына шегеру мүмкіндігі де қарастырылған. Қазір Египетте 4000 қазақстандық турист бар. Олар елге жеткізілмек. Омикрон штамының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Египеттің әуе қатынасы уақытша тоқтайтынын еске саламыз. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу