Шымкентте «Аялы алақан» оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Аялы алақан» оңалту орталығы ашылды

30.11.2021

Шымкентте «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. Онда тірек-қимыл әрекеті әлсіз және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Орталықтың артықшылығы - науқас балалар сырқаты асқынған кезде осында екі апта жатып, ем алуына мүмікіндігі бар. Медициналық-әлеуметтік мекеме ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Білікті мамандар бір ауысымда 40-қа жуық балаға психологиялық және физикалық тұрғыда қабілеттерінің дамуына көмектеседі.

Есенгелді Лесбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

Осы жерде алып жатқан ем-домы балаларға өте пайдалы. Логопеді бар, невропотологы бар, басқа да дене шынықтыру  жасайтын құралдары жеткілікті. Ойын-сауық құрып, сурет салдырады.


Хабарламаларға жазылу