Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесуде Президент халықаралық сауданы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Коронавирус індетінің өршуіне байланысты министрлер конференциясы кейінге шегерілген болатын. Тараптар іс-шараны өткізудің жаңа мерзімдерін талқылады.