«Арселор миттал» бірінші ақпанға дейін шахталарда аудит жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор миттал» бірінші ақпанға дейін шахталарда аудит жүргізеді

29.11.2021

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы келер жылдың 1 ақпанына дейін сегіз шахтада қолданылып жатқан құрылғыларға аудит жүргізуге міндеттелді. Оның нәтижесі бойынша ескі құрал-жабдықтар өндірістен алынады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, компания алдағы 5 жылда өндіріс ошағына 3 млрд доллар инвестиция салмақ. Оның 35 пайызы ескі құрылғыларды жаңасына айырбастауға жұмсалады.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

1 млрд доллардан астам қаражат. Тек қана көмір шахталарына. Ең бастысы – заманауи техниканы алу, заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу және пайдалану. Екінші – ол экология мәселесі.

Субсидияға қосымша қаржы бөлінді

Брифингте техника, тұқым, тыңайтқыш үшін диқандарға берілетін субсидия мәселесі де сөз болды. Аймақ әкімінің айтуынша, қазір бұл мақсатқа 600 млн теңге қосымша қаржы қаралған. Яғни фермерлер жыл соңына дейін қолдау қаржыны толық алады деді әкім.


Хабарламаларға жазылу