«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Ени Әзірбайжан» партиясы Төрағасының орынбасары Таир Будаговпен кездесті. Тараптар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжанның экс-президенті Гейдар Әлиевтің бауырлас екі ел арасында ұстанған берік қарым-қатынасын атап өтті.
Бауыржан Байбек Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясындағы Еуропалық консерваторлардың хатшысы Том Ван Дайкпен, Ұлыбритания консервативті партиясының өкілі Лорд Джеймс Уортон және Халықаралық саяси кеңесшілер қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Мёрфимен де кездесті. Онда партиялық-саяси жүйелерді дамытудың өзекті мәселелері, заманауи электоралды трендтер талқыланды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер және келешегі» атты Халықаралық форумның күн тәртібі әңгіме арқауына айналды.