Нидерландыда 13 адамнан ковидтың жаңа түрі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыда 13 адамнан ковидтың жаңа түрі анықталды

29.11.2021

Нидерландыда коронавирустың «Омикрон» штаммын жұқтырған 13 адам анықталды. Олар елге жұма күні Оңтүстік Африкадан ұшып барған.

Жалпы алғанда, өткен аптаның соңында Амстердам әуежайына «Қара құрлықтан» 600-ге жуық адам мінген екі рейс қонды. Солардың ішінде жаңа вирус табылғандары дереу оқшауланды. Ал өзге жолаушылар коронавирусқа қатысты тесттен өткізілген.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» «алаңдатарлық вариант» деп атап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу