Балаларға базарлық. Қазақ эпостарының төртеуі анимацияланды. Жақында бүлдіршіндерге жол тартады. Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен балаларға арналып шығарылған өнімдердің тұсаукесері өтті. «Қазақ эпосы» атты жинаққа «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» мультфильмдері енген.
Ұлттық нақыштағы мультфильмдер бала тәрбиесі үшін таптырмас құрал. Халық ауыз әдебиетінің асылы - эпостар арқылы ана тілімізді, ұлттық мәдениетімізді, тарихымызды, салтымызды баланың санасына сіңіріп, үйретеміз, дейді мамандар.
Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын отандық туындының тілі жатық. Баланың жас ерекшелігіне сай жасалған. Сондай-ақ, басқосуда «сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешенінің жаңа нұсқасы таныстырылды.
Бұл- елімізде алғаш шығарылған, тіл үйретуге арналған құрал. Инновацилық кешен кез келген теледидар немесе компьютерге қосылады. Бір мезгілде оқуға әрі тыңдауға мүмкіндік беретін жоба қазақ және ағылшын тілдерінде жасалған.
Берік Жүсіпов, фольклортанушы:
Қазақ эпосы деген жобаны қолыма ұстағанда менің ойыма келген бірінші сөз - құбылаңды енді тапқан екенсің ғой қазақ эпосы дедім. Қазақ эпосы өзінің тал бойына бүкіл руханият атаулыны жинаған. Ұят та соның ішінде иба да, үлкенге деген құрмет, тәлім-тәрбие де сонда.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ