Алматыда бөтен біреудің көлігіне зақым келтірген бұзақылар жазаланды. Оқиға «Ақсай – 3» шағын ауданында болған. Көп ұзатпай, Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтады. Екі жігіттің бірі Түркістан облысының, екіншісі Жамбыл облысының тумасы екені анықталды.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен бұзақылар 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.