Елімізде мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылатыны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістанда өткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайында айтылды. Қазақ тілін үйретудің ортақ мемлекеттік тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Мақсат – үздіксіз білім беру арқылы мектептен бастап, ересек адамдарға дейін тіл үйретудің сапасын арттыру. Сонымен бірге халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы күшейтілмек. Өңірлердегі филиалдарын кеңейтіп, материалдық базалары нығайтылады.
Делегаттардың ашық дауыс беруі арқылы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды.