Теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреді

26.11.2021

Қазақстан қор биржасында ұлттық валюта долларға шаққанда 1 теңге 29 тиынға әлсіреді. Ал бір айдың ішінде доллар 5 теңгеге қымбаттаған. Қазір Америка ақшасы 431 теңгеге теңесті. Ал еуро мен рубль KASE-де керісінше арзандаған.

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуін алдымен мұнайдың арзандауымен байланыстырып отыр. Бүгін әлемдік нарықта қара алтын құны бірден 5 пайызға төмендеп, баррелі 78 долларға сатылды. Қазір салық түсімдерінің кезеңі. Соған қарамастан ол валютаның нығаюына әсер етіп отырған жоқ дейді мамандар.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу