Қаңтардан бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанға салық төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтардан бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанға салық төлейді

26.11.2021

Қаңтардан бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанға салық төлейді. Өзгерту енгізілген Салық кодексінің нормалары келер жылы күшіне енеді. Ел аумағында халыққа тауарды онлайн сатып, желіде қызмет көрсетсе, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, көрсетілген қызмет немесе тауар бағасының 12%-і салық мөлшері болып есептеледі. Бұдан ел қазынасына жылына 2 млрд теңге түседі деп болжанып отыр. Жаңа талаптың отандық компанияларға қатысы жоқ.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу