Коронавирустың Оңтүстік Африкада анықталған жаңа штамы әлемге қазірдің өзінде тарап кеткен болуы мүмкін. Гонконг университеті қоғамдық денсаулық мектебінің эпидемиологы, доктор Бен Коулинг осылай деп мәлімдеді. «Бұл вирус жер шарының көптеген бөліктеріне жетті. Бірақ, халық оны әлі түсінбеді немесе мойындамай отыр», - дейді ғалым. Айта кетсек, індетті жаңа түрі Гонконгта екі адамнан анықталды. Олардан қарашаның 11-де Оңтүстік Африкадан ұшып келгеннен кейін екі күн өткенде жұқпалы індет табылған.
Арыстан Рысбек