Минскіде «Qazaq. Алтын адам тарихы» деректі фильмі көрсетілді. Онда Қазақстанның қалыптасу және даму тарихы, Тұңғыш президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі баяндалады. Туындыда бірқатар өзекті мәселелер қозғалған.
Фильмге Кеңес Үкіметінің күйреуі, Семей полигонының жабылуы, Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы қадамдары, қақтығысып жатқан тараптарды бітімгерлікке шақыру, осылайша Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын айшықтау тәрізді тарихтағы маңызды оқиғалар арқау болған.
Картинаны «Оскар» жүлдесінің иегері, атақты режиссер Оливер Стоун түсірген. Алдағы уақытта Қазақстанда туынды 8 бөлімнен тұратын телесериал форматында да ұсынылмақ.
Индира Бегайдар