Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жылдам тарайтын жаңа нұсқасы пайда болды. Қазіргі вакциналардың мутацияланған түрге қарсы әсері өте төмен болуы мүмкін. «BBC»-дің мәліметінше, коронавирустың бұрын болмаған түрі елдің Гаутенг провинциясында 77 адамнан анықталған. Бұған қоса оны Ботсванада 4, ал Гонконгта 1 адам жұқтырған екен. Ғалымдар аталған штамның 30 шақты мутациясы бар екенін анықтады. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін коронавирустың жаңа түрін талқылау үшін шұғыл отырыс өткізеді.
Арай Төлегенқызы