Елге ПТР анықтамасыз келген 54 шет ел азаматы кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге ПТР анықтамасыз келген 54 шет ел азаматы кері қайтарылды

26.11.2021

Елге ПТР анықтамасыз ұшып келген 28 мың 500-дей жолаушы санитарлық-карантиндік бақылауға алынды. Түркия, Өзбекстан, Ресей мен Мажарстаннан сапарлап келген 54 адам кері қайтарылды.

Жалпы, соңғы 10 айда шет елдерден 1 млн 300 мыңдай адам ұшып келген. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы карантиндік бақылауынан 1 млн 4 жүзден астам жолаушы тексерілді. Олардың қатарында дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруы бар деген күдікпен 21 науқас анықталды. 11-і ауруханаға жатқызылған.

Республика бойынша өткен тәулікте 971 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 121 науқастың жағдайы өте ауыр деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Ал 1284 қазақстандық емделіп шыққан.


Хабарламаларға жазылу