Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында балабақша меңгерушісі мемлекет қаржысын жымқырып келген. Оның заңсыз әрекеті прокурорлар жүргізген тексеру барысында анықталды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы бірнеше айдан бері еңбек табеліне қызметкерлердің қосымша жұмыс істегені туралы жалған мәлімет толтырып, олардың жалақысына 60 мың теңге көлемінде үстеме ақы жазып отырған. Жұмысшыларға жазған ақшаны өзі алып келген. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.