Ресейдің Кемерово облысындағы шахтада апат болып, 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Кемерово облысындағы шахтада апат болып, 11 адам қаза тапты

25.11.2021

Ресейдің Кемерово облысындағы көмір шахтасында болған апат құрбандарының саны 11-ге жетті. Тағы 46 кенші жер астында қалып қойған. Ал, 49 адам жараланып, олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір құтқару операциясы жалғасып жатыр. 236 жұмысшы сыртқа тірі шығарылған. Айта кетсек, қайғылы оқиға осы облыстың Белово қаласындағы «Листвяжная» шақтасында болды. Апат алдында 250 метр тереңдікте 285 адам жұмыс істеп жатқан. Кей мәліметтерге қарағанда, алдымен жарылыс болып, содан кейін өрт басталған. Ал, кен орнын басқаратын компания шахтада көмір тозаңы жанғаннан кейін түтін тарағанын ғана растап отыр. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу