Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі 10 провинцияда жаңа паспорт беретін кеңсе ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі 10 провинцияда жаңа паспорт беретін кеңсе ашпақ

25.11.2021

Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі елдің 10 провинциясындағы тұрғындарға жаңа паспорт тарата бастайды. Мұны Кабулде осы мәселемен айналысатын кеңсе хабарлады. Ал биометрикалық құжаттар шығаратын аппарат тәулігіне сан мың өтінішті өңдей алмай істен шыққан.

«Техникалық проблемалар шешілгенде Кабулдегі паспорт беру қызметімізді әрі қарай жалғастырамыз», - дейді аталған кеңсе басшысы Алам Гүл Хаккани. Айта кетсек, тәліптер билікке келгелі Ауғанстанда экономикалық және гуманитарлық дағдарыс тіпті тереңдеп, ел болашағына алаңдаушылық күшейген. Миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Сондықтан күн сайын мыңдаған ауғандық өзге елдерге кетіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу