Әлем халықтарының маскалары Астанада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем халықтарының маскалары Астанада

01.03.2014
Әлем халықтарының маскалары Астанада

Маска, бет перде... Әр халық әр түрлі атау берген бұған. Қызметі - бет-әлпетті бүркемелеу. Себебі сан алуан. Мәселен, Африка жұрты, діни рәсімдер орындағанда тақса, латынамерикалықтар карнавалда, балда киеді. Бүгін Оқушылар сарайында маскалар көрмесі өтті. Сөреде ежелгі Қытай әртістерінің тағынған бетпердесінен бастап, венециялық маскаларға дейін ілініпті. Көрме бір ай бойына қала тұрғындары үшін жұмыс істемек.

 
Иохан Флайер,көрмені ұйымдастырушы:
Бұл көрме - қала жастарының келіп, әлем халықтарының маскалары туралы, оның жасалу себебі, тарихы жайлы білуі үшін ұйымдастырылып отыр. Яғни мәдени білімін арттыруды көздеп отырмыз. Бұл көрмеден түскен қаржы, жетімдер үйіне жұмсалады. Іс-шара қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылып отырғанын да айта кетейін.

Хабарламаларға жазылу