Ел бойынша құрылған мүлік иелері бірлестіктері өз қызметтеріне кірісіп те кетті. Қазір 46 жарым көппәтерлі үйдің ішінде 29 мыңдай бірлестік жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің мамандары брифинг барысында тағы бер рет ескертті. Ескі форматта қызмет көрсетіп жатқан пәтер иелері кооперативтері келер жылдың бірінші шілдесіне дейін өз жұмыстарын тоқтатуы қажет немесе жаңа бірлестіктің құрамына кіріп, сервистік компания ретінде жұмысын жалғастыра алады.
Бақытжан Качаков, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі:
Басында 20 үй басқарды ма, дәл солай 20 үй басқарсын, бірақ сервистік компания ретінде. Мен олардың да құрамында бірнеше адам жұмыс істейтінін түсінемін. Олардың да отбасы бар. Сондықтан дәл солай жұмыс істеу керек, бірақ әрбір үйде бір шот, бір ОСИ болуы керек.
Сондай-ақ, бір үйге бірнеше бірлестік құру секілді заңсыз әрекеттерге баратын жеке тұлғалар 50, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бір үй, бір шот қағидаты бойынша жұмыс жасайтын жаңа жүйе бизнес нысандарын да айналып өтпейді.
Марғұлан Әбдікәрімов, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы әдіснама орталығының директоры:
Жаңа қағида тұрғындарға үй басқарудағы барлық проблемаларды өз қолдарына алуға мүмкіндік береді. Жаңа бірлестіктің мүшелері өздері тұратын үйде бос тұрған аумақтарды жалға беріп, алған қаражатты үй шаруашылығын реттеу мен жөндеуге бағыттай алады.