Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңге салық төлеуден жалтарған. Серіктестік басшысы тергеу изоляторының мердігерімен құрылыс материалдарын жеткізу туралы жалған келісімшарт жасасқан. Іс жүзінде қызмет көрсетілмей, тауар тиелмей, жалған шот-фактура толтырылған. Құрылыс та тоқтаған. Мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпорын басшысының 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.