Депутаттар жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді сұрады

24.11.2021

Бүгін Мәжіліс депутаттары жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеруді талап етті. Айтуларынша келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге, яғни, 41 процентке өседі.

Ал зейнетақы мен жәрдемақы небары 5 пайызға ғана көтеріледі. Бұл инфляцияның өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды дейді депутат. Сол үшін бұл төлемдерді 5 пайызға емес, 40 процентке өсіруді сұрап, вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу