«Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия

24.11.2021

«Елдіктің жеті тұғыры» болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия. Елбасы нұрсұлтан назарбаев нұр отан партиясы саяси кеңесінің отырысында «мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. Сарапшылар мен халық қалаулыларының пікірі осындай.

Саламат Омаш, тілші:

тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм. Нұрсұлтан назарбаев мұны «елдіктің жеті тұғыры» деп атады. Әлбетте, бұл тұғырды тиянақтау мен іске асыру жаңа буынға аманат. Аманатқа қиянат жасамау, мемлекеттің тұрақтылығын сақтап қалу отбасы сияқты қарапайым құндылықтарды дәріптеуден басталады. Себебі әрбір отбасы мемлекеттің бастауы. Сарапшылардың да пікірі осыған саяды.

Индира Рыстина, ҚЗСИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

Мемлекет қанша жерден экономикалық дамыған, мәдениеті жоғары болса да, әлеуметтік орта ыңғайлы болса да отбасындағы эмоционалды климат ыңғайсыз болса, ол мемлекетте тұру да кедергі келтіреді адамдарға. Сондықтан ең алдымен отбасы институтын қадағалап, сол отбасындағы әлеуметтік рөлдердің атқарылуын, әкенің әке болып, ананың ана болып жауапкершілік алатынын ұмытпауымыз керек.

Мемлекеттілігімізді қадірлеп, көздің қарашығындай қорғау – әркімге де міндет. Алайда экономикалық жетістіксіз мемлекет болып қалыптасу екіталай. Әсіресе дәл қазіргідей дүниежүзін экономикалық дағдарыс жайлаған шақта бұл өте өзекті мәселенің бірі. ал этникалық әралуандық – біртұтас ұл ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. Себебі бірлік пен келісім болмаған жерде тұрақтылық та мәнін жояды.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Бірлік пен келісім елдімігіміздің мызғымас тұғыры. Бұл болмаса жетістікке жетпес едік. Ал енді ерекше айта жүретін ұрпақтан ұрпаққа. Жер мәселесін айтты. Ата-бабадан қалған қасиетті ұғым екенін айтты.

Жеті тұғырда ұлттық мәдениет - халықтың рухани тірегі делінген. Себебі жахандану заманында материалдық құндылықпен қатар рухани байлық та қатар жүруі тиіс. Заманауи бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух қажет екені де осы қағидаттарда айтылады.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

1,21 меніңше бұл әрбір жастың жұмыс кітабына, әр жастың тәуелсіздік баянды ету мақсатында, мәңгілік ел платформасына жетудегі үлкен құжат деп есептеймін. Бұьл үндеу уақытылы, хәм керекті басты бағыт деп пайымдауға болады.

Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Онсыз қоғам көш соңында қалуы мүмкін. Жастардың санасына осыны сіңіру қажет.

Саламат Омаш, тілші:

Жетінші тұғыр - прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Бұл принцип бойынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпыну қажет. Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз осы. Бұл көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жауа буынға арналған үндеу. Себебі қоғамда әділеттікті, шынайылықты қалап, өркениет әлемімен қатар жүруді талап етіп отырған осы жаңа буын.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу