Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель соңғы рет үкіметте мәжіліс өткізді. Ол бұл кабинетті 16 жыл басқарып, Еуропа одағындағы ең жетекші саясаткерлердің біріне айналды.
Дегенмен, төрт мерзім билік еткеннен кейін, Меркель бесінші рет бақ сынаудан бас тартты. Ал, қыркүйекте өткен парламенттік сайлауда Меркельдің христиан-демократиялық партиясы басымдық байқата алмады. Сондықтан, ол өзге партиялармен бірігіп, коалициялық кабинет құруға келісті. Немістің жаңа үкіметін енді 63 жастағы социал-демократ Олаф Шольц басқаруы мүмкін.