Шараға қаламгердің көзін көрген танымал ақын-жазушылар мен оқушылар қатысты. Кеште Сыр өңірінің сырбазы, лирик ақын туралы естеліктер айтылып, шығармалары жатқа оқылды.
Жалпы, Әбділда Тәжібаев әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарында өлең жазудан бастайды. Қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлері мен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде айтулы ақын атанады.
Оның өлеңдері сыршыл, ойшыл, шыншыл, оттылығымен ерекшеленетін. Драматургия, әдебиет зерттеу салаларына да өз үлесін қосқан ғалымның адами болмысы да биік еді дейді замандастары.
Оразақын Асқар, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын:
Өзінен жас ақындардың бәріне қолғабысын берді. Бәріне тұсаукесер жазды. Мұқағалиға тұсаукесер жазып, алғашқы өлеңін жариялаған кісі. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, өлеңдерін барлық газет-журнал, кітаптарға шығартты.
Жазира ИСАЕВА