Елімізде коронавирус індетіне қарсы ревакцинациялау басталғалы Шымкент қаласында 2 мыңға тарта азамат екпені қайта салдырды. Олардың 700-ге жуығы балалар. Ал 200-ден астамы аяғы ауыр әйел.
Ревакцинация алдымен медицина қызметкерлері, педагогтар, студенттер, күш құрылымдарының қызметкерлері мен 60 жастан асқандар бар. Сондай-ақ, иммунитеті төмен жандарға да екпе салынады. Ревакцинация үшін мегаполиске 6 түрлі препарат жеткізілген.