Сербиядағы зымыран зауытында бірнеше жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. 16 кісіні қатты күйік шалған. Олар ауруханаға жеткізілді. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Жарылыс болған кезде зауытта 100-ден астам жұмысшы болған. Қазір жоғалып кеткендерді іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Төтенше жағдай зауыттың 500-дей зымыран сақталған қоймасында болған. Ал жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.