Елімізде өткен тәулікте 1502 адам коронавирустан емделіп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өткен тәулікте 1502 адам коронавирустан емделіп шықты

24.11.2021

Өткен тәулікте 1502 адам коронавирустан емделіп шықты. 905 адамның індет жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды. Ал вакциналау бойынша бірінші дозасын 8 млн 662 мыңдай тұрғын қабылдады. Екінші компонентін 7 млн 987 мыңға жуық адам салдырды. Вакцинаның екі компонентін толық алғандар бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Одан кейін - Түркістан облысы. Үштікті Шығыс Қазақстан түйіндеп отыр. Айта кету керек, «жасыл» статусты иеленгендер қатарына тағы бір өңір қосылды.


Хабарламаларға жазылу