Павлодар облысы ревакцинация бойынша алғашқы үштікте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы ревакцинация бойынша алғашқы үштікте

23.11.2021

Қайта екпе салу басталғалы өңірде 100-ден аса тұрғын вакцина салдырған. Сонымен қатар, өңірде созылмалы ауруға шалдығып, диспансерлік есепке алынған адамдар короновирусқа қарсы екпе салдыруға жиі келе бастады. Мәселен, аймақта 337 мың адам вакцина салдырған. Соның 20 пайызы дәрігер бақылауындағы адамдар.

Ерғалы Асылбек, Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Көбінесе созылмалы аурулары бар, олар қант диабеті, жүрек қан тамырлары жүйесі аурулары, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және тағы басқа аурулар осы топқа жатады. Осы контингент арасында 60 мыңнан аса адам екпенің 2 компонентін алды.

Хабарламаларға жазылу