Ақмола облысында «Pfizer» вакцинасын алғашқы болып медициналық колледжінің студенттері салдырды. Оқу орнының 17 жасқа толмаған 12 студенті мен 4 оқушы және екі әйел адам екпе алды. Өңірде «Pfizer» вакцинасын алатын 66 105 адам бар. Өңірге 35 100 доза вакцина жеткізілген. Бүгінде медициналық ұйымдар вакцинаны сақтау үшін 60 мұздатқыш, 340 термоконтейнермен жабдықталған.
Диляра Қарқынова, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенті:
Бүгін бастапқы болып «Pfizer» вакцинасын алайын дегенгім. Себебі бұл ұсынысты ата-анамнан алғам және де өзім алып жатырмын. Басқа да студенттерге осы вакцинаны қорықпай алуды ұсынамын.
«Рfizer» екпесі өңірде 9 мыңнан астам адамға салынды
Түркістан облысында бүгіннен бастап ревакцинация басталды. Алдымен медицина қызметкерлері мен полицейлер және білім саласы өкілдері қайта екпе салдырмақ. Ал, «Pfizer» вакцинасымен өңірде 9 мыңнан астам адам егілген. Оның ішінде 7005-і жасөспірімдер болса, қалғандары жүкті және емізулі баласы бар әйелдер. Айта кетейік, аймаққа «Pfizer» вакцинасының 17 550 дозасы жеткізілді.
Марат Пашимов, облыстық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы:
Осы уақытқа дейін республикада 30 мың адам салатын болса, 30 пайызы Түркістанда салынған. Ол 9098. Бастағаннан бері, салғаннан бері ешқандай кемшіліктер жоқ. Ешқандай науқастардан шағымдар болған жоқ.