Приозерск қаласындағы кәріз суын тазартатын станция жыл соңына дейін іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Приозерск қаласындағы кәріз суын тазартатын станция жыл соңына дейін іске қосылады

22.11.2021

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы кәріз суын тазартатын станцияның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Құрылысқа қажетті қосымша 135 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінді. 2014 жылы басталған жобаның екі жылдан соң тоқтап қалғанын бұған дейін айтқан болатынбыз. Әуелде бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінсе, кейін шетелден келетін қондырғылар бірнеше есе қымбаттап, жоба аяқсыз қалған еді. Соның салдарынан қаладан шыққан қалдық су жақын маңдағы тоғанға төгіліп келді. Мамандардың айтуынша, станция тәулігіне 8600 текше метр кәріз суын тазарта алады. Бұған қоса құрамындағы биогумусты сүзіп алып, тыңайтқыш та жасай алады. Сондықтан келешекте нысанның маңынан жылыжай салу жоспарланып отыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу