Батыс Қазақстанға 29 мың дана «Pfizer» екпесі келіп, вакцина алуы тиіс тұрғындарға салына бастады. Аймақтағы медициналық колледжде 18 жасқа толмаған 370 жасөспірім оқиды. Бүгін солардың бірқатары ата-анасының келісімімен екпе алды. Сенбіден бері 11 жүкті және емізулі сәбиі бар 150 әйел салдырған.
Сымбат Байғұтты, студент:
Барлығы да жеңіл, жақсы өтті. Әркім өз денсаулығының кепілі. Денсаулығымызды сақтап, компонентті алып шықтық. Бәрі жақсы.
Ақтау қаласында да коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салына бастады. Екпе ерікті түрде 1-ші емханада салынып жатыр. Алғашқы дозасын алғандар 21-28 күннен кейін екіншісін алады. Жалпы өңірге «Pfizer»-дің 35 100 данасы жеткізілген.
Ардақ Мұратқызы