Франция астанасы жаңа жылға әзірлікке кірісті. Өткен тәулікте Париждің Елисей жазығында жылдағы дәстүр бойынша қызыл шамдар жағылды. Осы шараны тамашалау үшін жүздеген адам жиналды. Ал былтыр локдаунға байланысты париждіктер жарықтардың қосылғанын интернеттен тамашалаған еді.
Айта кетсек, «әлемнің ең әдемі авенюі» аталып кеткен Елисей жазығының ұзындығы 2 шақырымға созылып жатыр. Оның басында әйгілі Салтанат қақпасы, ал ұзына бойында дүкендер мен ресторантар орналасқан.