Батыс Қазақстанға 29 мың доза «Рfizer» екпесі жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанға 29 мың доза «Рfizer» екпесі жеткізілді

22.11.2021

Батыс Қазақстанға 29 мың дана «Pfizer» екпесі келіп, вакцина алуы тиіс тұрғындарға салына бастады. Аймақтағы медициналық колледжде 18 жасқа толмаған 370 жасөспірім оқиды. Бүгін солардың бірқатары ата-анасының келісімімен екпе алды. Сенбіден бері 11 жүкті және емізулі сәбиі бар 150 әйел салдырған.

Сымбат Байғұтты, студент:

«Pfizer» вакцинасын алып шықтым. Барлығы да жеңіл, жақсы өтті. Денсаулығымызды сақтап, бірінші компонентті алдым. Бәрі жақсы.


Хабарламаларға жазылу