10 айда 18 мыңдай интернет алаяқтығы тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 айда 18 мыңдай интернет алаяқтығы тіркелген

22.11.2021

Елімізде киберқылмыс көбейді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда 10 айда 18 мыңдай интернет алаяқтығы тіркелген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 80 пайызға көп. Алаяқтар көбінесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала төлем талап еткен кезде шабуылға шығады. Құқық қорғау мамандары киберқылмыстардың көбеюін әр салаға енгізіліп жатқан технологиялармен байланыстырады. Хайтек жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 300 қылмыс тіркелген болса, бұрын жасалған 440 алаяқтық әшкереленді.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:

Павлодар облысының тұрғыны «OLX» және «Крыша» сайттарында пәтерлерді төмен бағамен жалға беру туралы хабарландыру орналастырып отырған. Клиенттермен әңгімелесу барысында алаяқ әртүрлі шоттарға алдын ала төлем аударуды сұрады. Ақшаны алғаннан кейін ол нөмерлерді өшіріп, жарнамаларды жойып отырған. Оның 30 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген залал 800 мыңнан астам теңгені құрайды.


Хабарламаларға жазылу