Елордада «Бөрте» спектаклі қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Бөрте» спектаклі қойылды

22.11.2021

Елордалық көрермен «Бөрте» спектаклін тамашалады. Түркістан музыкалық драма театрының ұжымы тарту еткен туынды белгілі драматург Дулат Исабековтың шығармасының желісімен қойылған. Бөрте әлем тарихындағы әйгілі қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның әйелі. Айта кетейік, «Бөрте» тарихи-спектаклі қазақ сахнасында тұңғыш рет сахналанды. Қойылым Шыңғыс хан мен Бөртенің жас кезіндегі танысуынан басталады. Мұнан соң Шыңғыс ханның алып империяны басқарып тұрған кезеңі қамтылған. Бір басында драмасы мен трагедиясы қатар өрілген қайсар, ақылды әйел Бөрте ханымның ғұмыры бұл шығармада кеңінен баяндалады.

Хабарламаларға жазылу