Бүгін халықты коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды. Екпе екі кезеңмен салынады. Алдымен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік және жабық мекеме мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері екпе алады.
Жалпы, Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны едәуір азайды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда 126 жағдайға кем. Сонымен өткен тәулікте инфекцияға шалдыққан 921 адам тіркелді. Ал ел аумағында коронавируспен 964 мыңнан аса адам ауырып жатыр. 1 мың 90 адам жазылып шықты.
Вакциналау бойынша 1-компонентті 8 млн 700 мыңдай тұрғын салдырған. Екінші дозасын қабылдағандар 8 млнға жетіп қалды. Бүгінгі ахуалға сәйкес Павлодар және Солтүстік Қазақстан «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары бар. Қалғаны «жасылға» өткен.