АҚШ-тың Висконсин штатында мерекелік парад кезінде төтенше жағдай болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Висконсин штатында мерекелік парад кезінде төтенше жағдай болды

22.11.2021

АҚШ-тың Висконсин штатында мерекелік парад кезінде төтенше жағдай болды. Жол талғамайтын көлік мерекеге жиналған адамдарды қағып кеткен. Одан 20-дан астам кісі зардап шекті. Олардың арасында балалар да бар. Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнында атыс жаңғырығы естілген. Полицияның дерегінше, бірнеше адам қаза тапты. Дегенмен марқұмдардың нақты саны әзірге құпия ұсталып отыр. Бұған қоса адамдарды қағып кеткен көлік жүргізушісі де қолға түсті. Полиция оқиғаның мән-жайы кейін жария ететінін мәлімдеді. 


Хабарламаларға жазылу